• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 12:12

Бұршақ жауып, жел күшейеді: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

20 рет
көрсетілді

4 және 5 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, бұл жағдайға атмосфералық қысымның ауысуы әсер етпек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің солтүстік-батысында 4 сәуірде қатты жаңбыр жауады. 5 сәуірде оңтүстік аймақтарда да жауын-шашын болады. Сондай-ақ 5 және 6 сәуірде батыс өңірлерде нөсер күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Ал күндіз кейбір аймақтарда бұршақ жаууы ықтимал.

Батыста – +10...+20 градус жылы; Солтүстікте – +15...+20 градус жылы; Шығыста ауа температурасы +15...+23 градустан +20...+28 градусқа дейін көтеріледі.

Еске сала кетейік, «Қазгидромет» 3 сәуір ел аумағында ауа райы қолайсыз болатынын ескертті. Синоптиктер болжамынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар