• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 10:36

Әйгілі могулшы Юлия Галышева кәсіби мансабын аяқтады

20 рет
көрсетілді

Отандық қысқы спорт тарихында өшпес із қалдырған Юлия Галышева халықаралық деңгейдегі спорттық мансабын ресми түрде аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Жиынға басқарма басшысы Асқар Можанов пен фристайл-могулдан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Елена Круглыхина қатысты.

Юлия Галышева – Қазақстан фристайлы тарихындағы ең көп марапатқа ие болған спортшы. Ол ұлттық құрама сапында 20 жылдан астам уақыт өнер көрсетіп, елдегі қысқы спорттың дамуына зор үлес қосты. Оның спорттық жолы Қазақстандағы қысқы спорт түрлерінің алтын дәуіріне айналды.

Спортшы – Қазақстан тарихында могулдан Олимпиада жүлдесін жеңіп алған жалғыз атлет. Ол 2018 жылғы Пхёнчхан қысқы Олимпиадасы ойындарында қола медаль иеленді. Сонымен қатар 2019 жылы әлем чемпионатында топ жарып, осы дисциплинада әлем чемпионы атанған тұңғыш отандық спортшы болды.

Юлия Галышева спорттық мансабында 5 бірдей Олимпиадаға қатысқан бірегей спортшы – 2010 жылғы Ванкувер Олимпиадасы, 2014 жылғы Сочи Олимпиадасы, 2018 жылғы Пхёнчхан Олимпиадасы, 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасы және 2026 жылғы Милан-Кортина Олимпиадасы.

Қысқы Олимпиада: Үш могулшымыз финалға шықты

Оның қоржынында әлем чемпионаттарының толық жүлде жиынтығы, Әлем кубогі кезеңдеріндегі көптеген жеңістер, сондай-ақ қысқы Азия ойындары мен Универсиада алтындары бар.

Чемпион өз сөзінде жаттықтырушылар құрамына, командасына және жанкүйерлерге көп жылғы сенімі мен қолдауы үшін алғыс айтты.

Қысқы Олимпиада: Фристайл-могулдан Павел Колмаков финалға шықты

Соңғы жаңалықтар