• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 09:10

Өңірдің көлік-логистикалық қуаты

10 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ­Тоқаев Үкімет­тің кеңейтілген отырысында қазір еліміз­дегі тауардың 60 пайы­зы теміржолмен тасымалданатынын, сондықтан теміржол желілерін барынша дамыту – айрықша маңызды міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ Президент биыл «Мойын­ты – Қызылжар», «Дар­база – Мақтаарал» бағы­тындағы жаңа теміржол желілерін іске қосуды мін­деттеді. Бұл орайда жұмыстың қарқынын бәсеңдетуге болмайтынын ескертті.

Президент атап өткен страте­гиялық маңызы бар «Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы» жобасын толық іске қосу 2026 жылғы желтоқсанға жоспарланған. Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, құрылыс алаңында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қатаң бақылауға алынған. Жо­ба­ның құрылысын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тапсырысы­мен «Integra Construction KZ» ЖШС жүргізіп жатыр. Жуыр­да облыс әкімі Нұралхан Көше­ровтің «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның құрылыс жөнін­дегі басқарушы директоры Марат Исқалиевпен және жо­баны іске асырушы «Integra Construction KZ» ЖШС өкілдері­мен кездесуінде құрылыс бары­сын­дағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары жан-жақты талқыланды. Жобаның негізгі мақсаты – «Дарбаза – Мақтаарал» жаңа теміржол желісі арқылы жүк және жолаушылар тасымалының көлемін арттыру, транзиттік тасымалдарды ашу, жаңа бағыттарды іске қосу, сондай-ақ Түркістан – Шымкент – Ташкент учаскесіндегі өткізу қабілетін тәулігіне 35 жұп пойызға дейін ұлғайту. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Марат Исқалиевтің айтуынша, қазір аяқталған жер қазу жұмыстарының жалпы көлемі 9,1 млн текше метрді құрайды. 19,8 шақырымға рельсті шпал торы төселген. Сонымен қатар көпірлер мен өткелдер салу, су құбырларын жүргізу, жасанды құрылымдарды монтаждау жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Жер тегістеу 70 пайызға аяқталған. Тек Сыр­дария өзені жағалауындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Сондай-ақ теміржол бойы-на шағал төселіп, көпірлер салынуға тиіс. «Ердәуіт» стансасынан өзенге дейін 7 көпірдің құрылысы аяқталған. Бұл жұмыстарға 560-тан астам адам мен 400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған.

Теміржол желісінің ұзындығы – 172 ша­қырым. Оның 15,35 шақырымы Мақтаарал ауданы аумағы арқылы өтеді. Бүгінде жобаны жүзеге асыру мақсатында «Мақтаарал» стансасын орналастыруға қажетті жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару рәсімдері басталған. Аудан әкімі Бақыт Насырханұлының айтуынша, жоспарға сәйкес тұрғын үй құрылысына арналған – 0,9987 гектар болатын 8 жер телімі, кәсіпкерлік және өзге мақсаттағы – 2,25 гектар болатын 11 жер телімі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы – 27,02 гектар болатын 34 жер телімі және мемлекеттік жер пайдаланушылардағы – 0,6 гектар болатын 7 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылатын болады. Жаңа бағыт «Сарыағаш» өткізу пунктінің жүктемесін түсіреді, сондай-ақ Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарын байланыстырады. Аталған бағыттың өткізу қабілетін едәуір арттырып, магистралдық көлік, кедендік және шекаралық инфрақұрылымның даму деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Желі бес ауданның аумағы арқылы өтіп, Қазақстанды Өзбекстанмен байланыстыратын көлік дәлізіне айналады. Бұдан бөлек, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы-на серпін беріп, жаңа өндірістердің ашылуы-на және қосымша жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында елдегі көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Соның ішінде, Сарыағаш қаласы маңындағы көлік қозғалысының тығыз екенін атап өтіп, осы мәселені шешу мақсатында биыл «Сарыағаш айналма жолы» жобасының құрылысын қолға алу қажеттігін айтқан еді. Ал Үкіметтің кеңейтілген отырысында теміржолмен қатар автокөлік тасымалын дамытуға қатысты ірі жо­баларды да жүзеге асыру барысын қатаң ба­­қы­лауға алуды тапсырды. Сарыағаш айналма жолының жалпы ұзындығы 102 шақырым бо­лады. Жобалау-сметалық құжаттаманың құны – 238,1 млрд теңге. Бұл жол – I б санатын­да­ғы, 4 жолақты автомобиль жолы. Жоба рес­пуб­ликалық маңызы бар А-15 автомобиль жолы­на балама бағыт ретінде қызмет атқа­рып, Са­ры­ағаш қаласы мен оған іргелес аумақ­тар­дағы көлік жүктемесін азайтады. Тран­зит­тік кө­лік­тердің кедергісіз қозғалысын қамта­масыз ету­ге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жол қоз­­­ғалысы қауіпсіздігі артып, өңірдің кө­лік-ло­гис­тикалық әлеуетін дамытуға оң әсерін тигізеді.

 

Түркістан облысы 

Соңғы жаңалықтар