Абай облысында тұратын көпбалалы ана адам саудасына қатысты іс бойынша сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сот мәліметінше, 2024-2025 жылдары Аягөз қаласының тұрғыны әлеуметтік жағынан осал адамдарды іздеген. Ол олардың сеніміне кіріп, алдап, психологиялық қысым көрсеткен. Жұмысқа орналастырамын деген сылтаумен оларды шаруа қожалықтарына жіберіп, сол үшін берілген алдын ала төлемдерді өзіне алып отырған. Іс бойынша бес алаяқтық анықталған.
Жәбірленушілер айыпталушымен Семей қаласында, вокзал мен базар маңында танысқан. Танысу кезінде олар мас күйде болған және әйелдің жұмыс тауып беремін деген уәдесіне сенген. Кейбір жағдайларда айыпталушы олардың қозғалу еркіндігін шектеп, қорқытып, психологиялық қысым көрсетіп, ішімдік ішкізген.
20,9 млн теңге табыс: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Сарыағаш тұрғыны сотталды
Алдын ала келісім бойынша шаруа қожалықтарының басшылары әйелдің жеке есепшотына 100 мыңнан 400 мың теңгеге дейін ақша аударып отырған.
Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді, келтірілген шығынды өтегенін және жәбірленушілермен татуласқанын айтты. Жәбірленушілер де оны кешіргендерін айтып, бас бостандығынан айырмауды сұраған.
Жеңілдететін мән-жайлар ретінде:
кінәсін толық мойындауы өкінуі шығынды өтеуі жәбірленушілермен татуласуы жасы «Күміс алқа» наградасының болуыескерілді. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу үшін 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
14 қылмысты жасырған: Алматыда бұрынғы полицей сотталды
Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Үкім заңды күшіне енді.