• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 14:42

14 қылмысты жасырған: Алматыда бұрынғы полицей сотталды

20 рет
көрсетілді

Алматы қаласында полицияның бұрынғы тергеушісіне қатысты қылмыстық іс аяқталып, сот үкімі шықты. Қалалық прокуратураның мәліметінше, ол қылмыстарды тіркемей, әдейі жасырғаны үшін жауапқа тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Арнайы прокурорлар Алматы қаласының Наурызбай ауданы Полиция басқармасының бұрынғы тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған. Тергеу барысында күдіктінің қолында 14 қылмыстың жасалғаны туралы нақты деректер бола тұра, оларды тіркемей, есептен қасақана жасырып келгені анықталды. Осы арқылы ол қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудың белгіленген тәртібін бұзған.

Қылмысқа қатысты айғақтарды ұрлаған полицей сотталды

Жүргізілген кешенді тергеу әрекеттері айыпталушының құқыққа қарсы әрекеттерін толық растады. Күдіктінің іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 433-бабы 2-бөлігімен сараланған.

Сот үкімімен бұрынғы тергеуші кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте 3 жыл мерзімге жұмыс істеуге тыйым салу жазасы қосымша жаза ретінде белгіленіп, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сот шешімімен ол «полиция лейтенанты» арнаулы атағынан айырылды.

Қаңтар оқиғасы кезінде адам азаптаған полицей сотталды

Соңғы жаңалықтар