• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:28

Белгілі заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан қамауға алынды

30 рет
көрсетілді

Белгілі заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан қамауға алынды. Құқық қорғау органдары заңгерге қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Күдікті бұған дейін тонау қылмысы үшін сотталған, қазір оған сот тарапынан 10 тәулік мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», делінген полиция хабарламасында.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Полиция нақты қандай ақпарат туралы сөз болып отырғанын хабарлаған жоқ. Соңғы уақытта Молдахан әлеуметтік желілерде Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған резонанстық жол-көлік оқиғасын жиі көтеріп жүрген. Ол жариялаған видеоларында түнгі жарысты ұйымдастыруға құқық қорғау органдарының қатысы бар екенін мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар