• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 17:43

Елордалық оқушы Гарвард университетіне оқуға түсті

20 рет
көрсетілді

Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Harvard университетіне оқуға қабылданды, деп жазады Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Бөрте Сайранбекқызы Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланған. Оқу барысында табандылық пен еңбекқорлық танытқан оқушы 10-сыныптан кейін түрлі пәндер бойынша 7 емтихан тапсырып, AP International Diploma иегері атанған.

Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Сонымен қатар қытай тілін оқып, Advanced Placement бағдарламасы аясында қытай тілінен де емтихан тапсырды. SAT, IELTS, CAE және HSK халықаралық емтихандарында жоғары нәтижелер көрсеткен.

Гарвардтағы дала конституциясының дәрісі

«Мектеп бағдарламасы аясында ғылыми жобалармен айналысты. Мектептің қолдауымен халықаралық ғылыми бағдарламаға іріктеуден өтіп, АҚШ университеті профессорының жетекшілігімен білім алып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оқу барысында Бөрте академиялық жүктемені әлеуметтік және шығармашылық бастамалармен ұштастыра білді», делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қазақстан Гарвард университетімен бірлескен бастамаларды іске асырады

Үздік шәкірт Harvard University-ге түсу жүйелі дайындықтың, тұрақты мотивацияның және тиімді білім беру ортасының нәтижесі екенін жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар