• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:19

Көктемгі әскерге шақыру: Өтінімді енді онлайн беруге болады

10 рет
көрсетілді

Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында жастар myarmy.kz платформасы арқылы мерзімді қызметке онлайн өтінім бере алады. Бұл мүмкіндікті іске асыратын SARBAZ+ жобасы шақырылушылар арасында ерекше қызығушылық тудырып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Өтінім беру үшін сайтқа кіріп, қызмет шарттарымен танысып, тиісті форманы толтыру жеткілікті. Жүйе үміткерді барлық кезең бойынша автоматты түрде бағыттайды. Алдымен қабылданған өтінім мұқият тексеріледі, содан кейін әскери комиссариатқа медициналық тексеруден өту үшін шақыру келеді. Кейін әскери бөлім өкілдерімен әңгімелесу өткізіліп, қабылдау немесе бас тарту туралы шешім шығарылады. Барлық кезең ашық әрі түсінікті, қажетті құжаттар тізімі сайтта көрсетілген.

Шопандар мен бақташылардың балаларын әскерге шақыру кейінге қалдырылуы мүмкін

SARBAZ+ жобасының басты ерекшелігі – жастарға заманауи дағдыларды үйрету. Қызмет барысында сарбаздар тек оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап қана қоймай, сұранысқа ие мамандықтарды меңгереді. Жоба өзекті бағыттар бойынша маман даярлауға басымдық береді.

Rtel оқу сыныптарында әскери қызметшілер радиобайланысты меңгереді, Ashik Aspan бағдарламасы арқылы дрондарды басқаруды үйренеді. Бұдан бөлек, Eltex жүйелерімен жұмыс істеуге бейімделеді, киберқауіпсіздік және деректерді қорғау негіздерін оқиды, жасанды интеллект элементтерімен танысады және цифрлық платформалар арқылы ағылшын тілін жетілдіреді.

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру басталды

Әскери бөлімде қызмет етуге қолайлы жағдайлар жасалған – спорт алаңдары, жаттығу залдары, белсенді демалыс аймақтары және электронды тир жұмыс істейді. Сондай-ақ, бейнеаналитика жүйесі, «Ай-сұлу» боты және ARMIA.KZ платформасы сияқты қолдау сервистері қызмет көрсетеді.

Жобаның танымалдығы жоғары – қазіргі таңда 268 өтінім беріліп, одан шамамен 90 өтінім іріктелді. 1 орынға шамамен 3 адамнан өтінім түседі. Орын саны шектеулі болғандықтан, барлық үміткер қабылданбайды.

SARBAZ+ жобасы алдағы уақытта басқа әскери бөлімдерге де енгізілуі жоспарланып жатыр. Қазіргі әскерге шақыру кезеңінде ең қолжетімді әрі ыңғайлы тәсіл – онлайн өтінім беру болып отыр.

Еліміздің қорғаныс саласында қандай цифрлық шешімдер енгізілген?

Соңғы жаңалықтар