«Челябинск – Новосибирск» автожолының 631 шақырымында петропавлдық 25 жастағы жігіт «Jetour» көлігімен жылдамдықты 151 км/сағатқа дейін арттырған. Нәтижесінде жүргізуші ұсталып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы екі айда облыста 58 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 72 адам зардап шеккен, 10 адам қаза болған. Негізгі себептер – жүргізушілердің тәртіп сақтамауы, жылдамдықты арттыру, басып озу қауіпсіздігін сақтамауы және бағдаршам сигналдарын елемеу.
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Полиция басшылары қызметінен босатылды
Жүйелі жұмыс нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 33 мыңнан астам дерегі анықталып, 144 мас жүргізуші ұсталды.
Ақтөбеде жүкті әйел мінген жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Солтүстік Қазақстан облысы