Синоптиктер 28-30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн жылынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Болжам бойынша, еліміздің оңтүстігінде термометр бағаны +30°С-қа дейін көтеріледі. Алайда батыс өңірлерде және оңтүстіктің таулы аймақтарында кей күндері найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Өңірлердегі күндізгі температура:
Оңтүстікте – +23…+30°С; Батыста – +18…+27°С; Орталықта – +15…+25°С; Шығыста – +12…+20°С; Солтүстікте – +10…+17°С.Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжанған.
Еске сала кетейік, бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.