Маңғыстау облысының Мемлекеттік кірістер департаменті сатып алушыларды дүкенде төленгеннен кейін берілетін кассалық чекке жауапкершілікпен қарауға шақырды. Департаменттің хабарлауынша, кейбір азаматтар чектердің маңыздылығын жеткілікті дәрежеде түсінбейді, ал алаяқтар оны өз мақсаттарына пайдалануы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көптеген адамдар тауарды сатып алғаннан кейін чекті алуды қажет деп санамайды. Кейбірі алса да кассадағы немесе банкомат жанындағы қоқыс жәшіктеріне лақтырып кетеді. Көпшілік бұл кішкентай қағаздардың маңыздылығын немесе олардан туындайтын қауіп-қатерді ойламайды. Алайда тәжірибе көрсеткендей, чекті кассада қалдыру да алаяқтардың әрекетіне ұшырау қаупін арттырады.
Заңсыз диплом: Абай облысында дәрігер болғысы келген азамат алаяқтың құрығына түсті
Алаяқтар чекті пайдаланып, ұқсас тауарды ұрлау әрекетін жасауы мүмкін. Мысалы, тауарды ораудан қорғаныс құралдарын алып тастағаннан кейін дүкеннен шығарып кетуге болады. Күзетші тоқтатса, қылмыскер чекті көрсетеді. Сатып алушының аты-жөні чекте көрсетілген жағдайда алаяқтар телефон нөмірін тауып, банктің атынан хабарласып, ақша талап етуі мүмкін. Сонымен қатар, кассир немесе дүкен қызметкері де чекті өз мақсатына пайдаланып, қосымша тауар енгізіп, сатып алушының есебінен ақша алып, кассада тауарды есептен шығару немесе жеңілдік карталарын манипуляциялау секілді алаяқтық әрекеттерін жасай алады.
Бибігүл Жексенбай: Алаяқтықтан зардап шеккендерді қорғау жүйесінде олқылықтар көп
Егер тауар сәйкес келмесе немесе қайтару қажет болса, чек сатып алушыға маңызды дәлел болады. Заң бойынша чексіз тауарды қайтару мүмкін, бірақ процесс ұзаққа созылады, себебі сатып алудың дәлелін көрсету керек. Чектердің арқасында сатып алуларға бонус немесе жеңілдіктер алу мүмкіндігі сақталады. Чекті қоқысқа тастау немесе кассада қалдыру сатып алушының артықшылықтарын жоғалтуына және сатушының алаяқтық әрекеттеріне жол береді
Чекті тек алу емес, оны мұқият тексеру де маңызды. Баға белгілері мен кассалық есептер арасындағы айырмашылықтарды байқап, қателерді түзетуге болады. Сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлем кезінде чек берілмесе немесе төлем қабылданбаса, бұл құқықбұзушылық болып саналады.
Астанада қажылық сапарды желеу еткен алаяқ ұсталды
Сондықтан чектерге жауапкершілікпен қарау керек.