Қосшы қаласында жекеменшік үйлер орналасқан ауданның бірінде жол жиегінен ішінде шала туған нәрестенің мәйіті бар пакет табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдын ала деректерге сәйкес, жүктіліктің мерзімі шамамен 6-7 ай болған.
nayza_kokshe мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын полиция мен медицина қызметкерлері анықтап жатыр. Мамандар баланың өлі туғанын немесе туғаннан кейін шетінеп кеткенін анықтауы тиіс.
Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір барлық жағдайды жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды