Жамбыл өңірінде жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел электр стансасының құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа нысанның құрылыс алаңындағы капсула салу рәсіміне өңір басшысы Ербол Қарашөкеев қатысты.
Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге, сондай-ақ TotalEnergies корпорациясының жаңартылатын энергия көздері бағыты бойынша вице-президенті Оливье Жуни бейнебайланыс режимінде қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
ЖИ-ді дамыту үшін электр энергиясының мол қоры керек: Сарапшы түсіндірді
Өз кезегінде облыс басшысы Мойынқұм ауданында жүзеге асырылатын жел паркі өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, ел энергетикасының дамуына серпін беретінін атап өтті.
«Жаңартылатын энергия көздерін дамыту – мемлекет саясатының стратегиялық бағыттарының бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасыл энергетиканың үлесін арттыруға ерекше мән беріп келеді. Табиғи әлеуеті жоғары Мойынқұм өңірі енді еліміздің энергетикалық дамуында маңызды орын алатын алаңға айналмақ», деді Ербол Қарашөкеев.
Жобаны «Ақтас Энерджи» ЖШС жүзеге асыруда. Қуаттылығы – 1 ГВт, инвестиция көлемі – 620 млрд теңге. Сонымен қатар қуаты 300 МВт / 600 МВт·сағ болатын энергия жинақтау жүйесі қарастырылған. Жоба серіктестері қатарында TotalEnergies (Франция), «ҚазМұнайГаз» және Samruk Energy бар.
«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі