Біріккен Араб Әмірліктерінің құқық қорғау органдары Дубайда демалып жатқан британдық турист пен оның әкесін қамауға алды. Бұған қонақүйдегі дрон шабуылының салдарын бейнежазбаға түсіріп, желіде бөлісуі себеп болған. Жергілікті билік бұл кадрларды «ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер» деп бағалап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға 28 ақпанда беделді «Fairmont The Palm» қонақүйінде болған. Ғимаратқа дрон соғылып, өрт шыққан. Салдарынан 4 адам зардап шеккен. Демалыста жүрген 40 жастағы британдық ер адам болған жағдайды ұялы телефонына түсіріп алған.
Ол видеоларды жарияламаған, тек туыстарына жеке хабарлама арқылы жіберіп, өзінің аман екенін жеткізгісі келген. Алайда 10 күннен кейін, 9 наурызда турист пен оның әкесі ұсталған. Бастапқыда «екі сағаттық сұрақ-жауап» деп жоспарланған тексеру белгісіз мерзімге созылған.
«Detained in Dubai» ұйымының жетекшісі Радха Стирлингтің айтуынша, ұсталғандардың отбасы олардың жағдайына алаңдаулы.
«Ешқандай қасақана әрекет болған жоқ. Соған қарамастан заң бойынша оларды белгісіз уақытқа дейін ұстауы мүмкін», деді ол.
Құқық қорғаушының мәліметінше, күдіктілер қазір толық оқшаулауда отыр – адвокатпен, туыстарымен немесе елшілік өкілдерімен байланысқа шығу мүмкіндігі жоқ. Турист өз әрекеті үшін кешірім сұрап, болған жайтқа өкінетінін білдірген.
Дубайдағы Америка консулдығы отқа оранды
БАӘ заңдары қатаңдатылғанСоңғы уақытта дрон шабуылдарынан кейін Дубай билігі оқиғаларға қатысты фото және видео таратуға бақылауды күшейткен. Полиция «үрей тудыратын немесе жалған ақпарат тарату» заңмен жазаланатынын ескерткен.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, соңғы апталарда ондаған адам ұсталған. Күштік құрылым өкілдері көшеде азаматтардың телефонын тексеріп, күмәнді жазбаларды өшіріп жатыр. Тіпті оқиға орнында болған адамдардың өзі күдікке ілініп отыр.
БАҚ мәліметінше, кейбір азаматтар жарияланбаған материалдар үшін де жауапқа тартылған. Заң бұзғандарға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және ірі көлемде айыппұл салу қарастырылған.
Иран Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығына соққы жасады
Туристер нені ескеруі тиіс?Сарапшылардың пікірінше, қауіпсіздікке қатысты кез келген фото немесе видеоны, тіпті жеке хат арқылы жіберудің өзі салдарға әкелуі мүмкін. Шектеу тек блогерлерге емес, қарапайым туристерге де қатысты.
Мамандар мұндай жағдайда түсірілім жасамауға және ешқандай материал таратпауға кеңес береді. Сонымен қатар тек ресми ақпаратқа сүйеніп, жергілікті билік талаптарын қатаң сақтау қажет.
Қазақстандық әуе компаниясы Дубайға рейстерді 19 сәуірге дейін тоқтатты