• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:18

Астанада екінші әуежай қашан салынады?

10 рет
көрсетілді

Астана қаласында екінші әуежай салу мәселесі ресми деңгейде қарастырала бастады. Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Сенатта өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналистердің жобаның қай сатыда екені туралы сұрағына жауап берген вице-министр, тиісті жұмыстардың басталып кеткенін растады. Алдын ала мәліметтер бойынша, жаңа әуежай Қарағанды тасжолының бойында орналасуы мүмкін.

«Қала әкімдігінің жетекшілігімен арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына барлық құзырлы органдар енді. Бұл мәселе өте мұқият әрі егжей-тегжейлі зерттеуді талап етеді, өйткені көптеген техникалық параметрлерді ескеру қажет», деп атап өтті Талғат Ластаев.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта мамандар мен сарапшылар жобаны іске асырудың түрлі нұсқаларын қарастырып жатыр.

«Процесс басталды және ол жүріп жатыр. Барлық техникалық мамандар мен сарапшылар ықтимал нұсқалардың бәрін зерделеуде», деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың желтоқсанында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада екінші әуежайдың салынуы әбден мүмкін екенін тілге тиек еткен еді. 

Соңғы жаңалықтар