• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:12

Жүргізуші куәлігін заңсыз алу: Еліміздің бірнеше өңірінде 60-тан астам жемқорлық фактісі әшкере болды

20 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жыл басынан бері бірнеше өңірде пара алу, өкілеттікті теріс пайдалану фактілері тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

2026 жылдың басынан бастап Астана қаласында, Ақмола және Павлодар облыстарында автомектептер қызметін ұйымдастыру және жүргізуші куәліктерін рәсімдеу барысында заңсыз сыйақы алу деректері анықталған. Тергеу мәліметіне қарағанда, Астана қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының бұрынғы орынбасары жүйелі түрде пара алып, азаматтарға емтихан тапсыруға және жүргізуші куәлігін алуға көмектескен.

Елдегі ақылы жолдарда төлем мерзімдері өзгерді: Жүргізушілер нені ескеруі керек?

Жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асатын 60-тан астам заңбұзушылық фактісі процестік тұрғыда құжатталған.

Сонымен қатар Көкшетау қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО мен Екібастұз қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалдары басшыларының заңсыз әрекеттері тоқтатылды. Олар жалған тұлғалар арқылы емтихан тапсыруды ұйымдастырып, сол үшін ақша алғаны анықталған.

Берешек көлемі 3 млрд теңгеге жетті: Астанада көлік салығын төлемеген жүргізушілерге ескерту жасалды

Бұдан бөлек, Астана, Шымкент және Тараз қалаларындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалдарында жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу және ауыртпалықтарды алып тастау кезінде өкілеттігін теріс пайдаланған лауазымды тұлғалардың заңсыз баю фактілері әшкереленді.

Отандастарымыз Арменияға жеке куәлікпен кіре алады

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. 

Соңғы жаңалықтар