• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:17

Қызылорда облысында шенеунік қамауда отырғанын жасыру үшін жалған құжат сатып алған

10 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында жалған еңбекке жарамсыздық парағын қолдану дерегі бойынша санитариялық қызметкер мен дәрігерге қатысты сот үкімі шықты. Бұл заңбұзушылық прокуратура жүргізген тексеру барысында анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Облыс прокуратурасы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметін зерделеу кезінде лауазымды тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкереледі. Нақтырақ айтқанда, Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы әкімшілік құқық бұзушылық үшін 15 тәулікке қамауға алынған.

Алайда мемлекеттік қызметші жұмыста болмаған уақытын жасырып, оны заңдастыру мақсатында басшылыққа жалған уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұсынған. Тергеу барысында аталған құжаттың жалған екені анықталып, оны Сырдария аудандық ауруханасының дәрігері қолдан жасап бергені белгілі болды.

Прокурорлық тексеру материалдары негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа жолданған.

Ақтөбеде прокурор ұсталды: Шенеунік 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Сот үкімімен аудандық аурухана дәрігері Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Ал бөлім басшысы көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Депутат экс-шенеуніктердің Дубайдағы мүлкіне құқықтық баға беруді талап етті

Соңғы жаңалықтар