16 наурызда Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 103,14 долларға жетіп, 2,67%-ға өскен. Енді 112 доллардан асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Иранның АҚШ пен Израильдің әскери операциясына жауап ретінде Ормуз бұғазын жабуы энергия ресурстары бағасының күрт қымбаттауына әкелді.
Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 103 доллардан асты
Наурыздың алғашқы аптасында газ бағасы 63%-ға өсіп, мың текше метрі 650 долларға жетті. Ал Brent маркалы мұнай 24,5%-ға қымбаттады.
Сарапшылардың айтуынша, геосаяси дағдарыс бәсеңдемейінше, нарықтағы құбылмалылық сақталады. Егер шиеленіс жалғаса берсе, мұнай бағасы жаңа көпжылдық максимумдарды жаңартуы мүмкін.
Иран төңірегіндегі шиеленіс: Мұнай бағасы ай басынан бері шамамен 24%-ға өсті