• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 08:00

Жарыс күнделігі

10 рет
көрсетілді

Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден «Orlen Cup» халықаралық турнирі мәресіне жетті.

Жарыста жерлесіміз Керейхан Қабдулла жасөспірімдер арасында сынға түсіп, HS-70 тұғырынан секіруде 251,5 ұпай еншіледі. Өз қатарластарынан озық шыққан Керейхан турнир чемпионы атанса, күміс медальды поляк Милош Маляж (249,6), қола жүлдені тағы бір отандасымыз Александр Филоненко (242,3) олжалады. Тректегі велоспорттан еліміз құрамасы Филиппиннің Тагайтай қаласында өтетін Азия біріншілігінде бақ сынайды. Ұлттық құрама сапында Әлішер Жұмақан, Данияр Шаяхметов, Рамис Дінмұхамедов, Максим Хорошавин, Дмитрий Носков, Илья Қарабұтов, Кирилл Курдиди, Дмитрий Резанов сынға түссе, әйелдер додасына Рината Сұлтанова, Мария Елькина, Ангелина Буренкова қосылады. Құрлық додасы 21–31 наурыз аралығында ұйымдастырылады. Наурыздың 25–29 күндері аралығында Чехия астанасы – Прага қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді. Италиядағы Олимпия ойындарында олжа сала алмаған спортшылардың басын қосатын жаһандық жарыстың бәсі жоғары. Халықаралық конькишілер одағының мәліметінше, елімізден әлем чемпионатына Диас Жиренбаев пен Софья Самоделкина қатысады. Ақпан айында ел абыройын асқақтатып, ақ Олимпиаданың алтын медалін тарту еткен жерлесіміз Михаил Шайдоров жаһандық додаға қатыспайды. Черногорияның Будва қаласында бокстан «Montenegro Cup» халықаралық турнирі мәреге жақындап келеді. 20 салмақ дәрежесінде жүлдеге таласқа түсіп жатқан қыздар арасында Гүлназ Бөрібаева (48 кг), Жансая Рахымберді (51 кг), Томирис Мырзақұл (54 кг), Әсем Таңатар (65 кг), Анастасия Баязитова (70 кг), Жібек Жарасқызы (80 кг), ерлер сынында Ағажан Қадыр (70 кг) мен Салауат Тілекбай (80 кг) жүлде үшін жекпе-жекке түседі. Финалдық ойындар 21 наурызда өтеді. Елордада конькимен жүгіруден ел чемпионаты басталды. Ерлер додасында 500 метрде астаналық Артур Галиев чемпион атанса, қыздар сынында Кристина Силаева (Астана) топ жарды. 1 500 метрге жүгіруде Нұралы Ақжол (Астана) қара үзіп келсе, қыздар арасында Арина Ильященко мықтылығын көрсетті. 
Соңғы жаңалықтар