• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Рекорд Бүгін, 07:45

11 500 домбырашы: Ұлттық рекорд тіркелді

10 рет
көрсетілді

Алматыдағы «Almaty Arena» мұз сарайында Наурыз мейрамы қарсаңында ерекше мәдени оқиға болды. «Домбыра үні» атты ауқымды балалар флешмобына 11 500 жас домбырашы қатысып, еліміздің жаңа ұлттық рекорды тіркелді.

Шаһардың Білім бас­қармасы ұйым­дастырған айшықты жоба жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлады. Флешмобқа әзір­лік бірнеше ай бұрын бас­тал­ған. Жобаға қала бойынша 200-ден астам мектеп пен қосымша білім ұйымы қатысып, негізінен 7–10 сынып оқушылары қамтылды. Бір­не­ше апта бойы мыңға жуық педагог 11 500 жас өнерпазды үлкен сахнаға дайындаған. Ұйым­дас­тырушылар домбыраның қоңыр үні арқылы ұлттық мұраны дәріп­теп, өскелең ұрпақтың рухын кө­теру көзделгенін айтады.

Оқушылар бір мезетте орын­­даған музыкалық туынды мың­даған домбыраның үнін бір арнаға тоғыстырып, жас ұрпақтың бір­лігі мен өнерге деген құрметін көр­сетті. Бағдарламаға Төлеген Мұ­хамеджанов пен Алтынбек Қораз­баевтың әндері, Нұрғиса Тілен­диевтің күйлері, сондай-ақ Құр­манғазының «Балбырауын» күйі жаңа өңдеуде таңдалып алын­ған.

Іс-шараның шарықтау шегі – ұлт­тық рекорд ресми тіркелді. Білім басқармасының бастама­сын Қазақстан рекордтар кіта­бы қолдап, ұйым өкілдері қатысу­шы­лар санын, орындаудың ұзақтығын (4 минут 38 секунд), көркемдік ерек­шелігін мұқият саралады. Ерек­шелігі – қатысушылар бір күй ғана емес, түрлі жанрдағы шы­ғар­­малардан құралған күр­делі попурриді орындады. Нәти­же­сін­де, «Жаппай жетіс­тік­тер» санаты бо­йынша жаңа рекорд ресми тір­ке­ліп, арнайы сертификат табыс­талды.

Айта кетейік, бұл көрсеткіш бұ­ған дейінгі Талдықорғанда тір­кел­ген (5 000 адам) рекордтан екі есе асып түскен. Сонымен қатар Атырау  (2010 жыл – 1 073 адам), Орал (2010 жыл – 1 700 адам) және Ас­тана (2024 жыл – 3 200 адам) қала­­лар­ындағы нәтижелер де жаңар­­тылды.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар