• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Алматыда «Инватакси» тегін жұмыс істеп жатыр

20 рет
көрсетілді

Бүгін Алматыда 170 «Инватакси» көлігі, соның ішінде 36 арнайы жабдықталған машина мен 134 жеңіл автомобиль жұмылдырылады. Қосымша 20 кезекші машина жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.

Қызмет кресло-арбамен жүріп-тұратын және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтарға, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған.

«Инватакси» қызметі енді тәулік бойы қолжетімді. Бұрын тасымалдау тек күндізгі уақытта ғана жүзеге асырылатын, бұл ауруханаға барғанда, шұғыл жағдайларда немесе қоғамдық іс-шараларға қатысуда қиындықтар туғызатын. Алматыда сервисті 3 100 адам пайдаланады, олардың 2 215-і белсенді пайдаланушылар. 

Балқаштық ғасыр ана референдумда дауыс берді

«Инватакси» − мүгедектігі бар адамдарға арналған мамандандырылған көлік. Жоба балалар мен ересектерге қала бойынша жүріп-тұруға және медициналық мекемелер мен білім беру ұйымдарын қоса алғанда, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына баруға мүмкіндік береді.

15 наурыз күні «Инватакси» қызметі тегін болады  

Соңғы жаңалықтар