Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде стоматологиялық қызметтерге кімдер қол жеткізе алатыны белгілі болды. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жоспарлы және шұғыл көмек:
18 жасқа дейінгі балалар;
Жүктілігі бар әйелдер.
Атырауда бір жылда 92,5 мың балаға тегін стоматологиялық көмек берілдіТек шұғыл жағдайларда көмек көрсетіледі:
Зейнеткерлерге;
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне;
I, II, III топтағы мүгедектерге;
Мекенжайлық әлеуметтік көмек алушыларға;
Инфекциялық немесе әлеуметтік маңызды аурулары бар, айналаға қауіп төндіретін пациенттерге;
Жұмыс істемейтін, мүгедек баласына күтім жасайтын тұлғаларға;
Жұмыс істемейтін, I топтағы мүгедекке күтім жасайтын тұлғаларға;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталған көпбалалы аналарға.
66 млн теңге шығын: Стоматологиялық клиниканың «Damumed» арқылы жасалған алаяқтығы әшкере болды