• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 11:20

Қазақстан ауылдарында 6 жыл ішінде 7,6 мың инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды

10 рет
көрсетілді

Елімізде аумақтардың орнықты және теңгерімді дамуын қамтамасыз ету үшін Үкіметтің 2025 жылғы 25 тамыздағы қаулысымен бекітілген Қазақстанның 2025-2030 жылдарға арналған Өңірлік даму тұжырымдамасы іске асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Құжат өңіраралық айырмашылықты азайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға арналған.

Тұжырымдама халықты базалық инфрақұрылыммен (әлеуметтік, инженерлік, көліктік және т.б.) біркелкі қамтамасыз ету, өңірлердің теңгерімді экономикалық дамуы, сондай-ақ өңірлік саясатты іске асыру тетіктерін жетілдіру сынды үш негізгі бағытты қамтиды.

Олжас Бектенов: Ауылдық жерлердегі тұрғын үй құрылысына көңіл бөлу керек

Негізгі назар инфрақұрылым мен қызметтерге қол жеткізудегі өңірлер арасындағы диспропорцияларды жоюға аударылды. Мемлекеттің күш-жігері ел тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтер мен игіліктер сапасының базалық деңгейін қамтамасыз етеді.

Өңіраралық айырмашылықты қысқартудың маңызды құралы Өңірлік стандарттар жүйесі (ӨСЖ) – базалық және жайлы өмір сүру үшін қажетті объектілер мен қызметтердің бірыңғай тізбесі. Жаңа тәсілдерді енгізу үшін жаңа Бюджет кодексіне ӨСЖ талаптарын ескере отырып, бюджет шығыстарын жоспарлауды қарастыратын нормалар енгізілген.

Инфрақұрылымды жаңғырту пысықталды

Сонымен қатар өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Индустриялық даму мен агроөнеркәсіптік кешен үшін мамандандырылған факторлар құру, моно және шағын қалалардың, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің экономикасын әртараптандыруға басымдық беріледі.

Тұжырымдама шеңберінде бес макроөңірді: Батыс, Оңтүстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, сондай-ақ Астана мен Алматының ірі агломерацияларын дамытуға ерекше назар аударылды. Әрбір макроөңір үшін географияны, экономикалық мамандануды, нарықтық байланыстар сипатын және халықты қоныстандыру жүйесін ескере отырып, дамудың басым бағыттары айқындалды.

Сонымен қатар, Тұжырымдамада ауылдық және шекара маңындағы аумақтарды дамытуға ерекше назар аударылған. Құжатқа мемлекеттік саясаттың сабақтастығын қамтамасыз ететін ауылдық аумақтарды дамытудың бұрын қолданыста болған тұжырымдамасының ережелері енгізілген. Бұдан басқа, «Ауыл аманаты» және «Ауыл – ел бесігі» жобаларының шаралары үйлестірілген түрде іске асырылуда, бұл олардың тиімділігін арттырады.

Алмасадам Сәтқалиев: Ғылымды ілгерілету әлеуметтік инфрақұрылымнан басталады

Ауыл инфрақұрылымын жаңғыртудың негізгі бағдарламаларының бірі ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға арналған «Ауыл – ел бесігі» жобасы болып қала береді. 2019-2025 жылдары оның шеңберінде 2,5 мың тірек және спутниктік ауылдарда 7,6 мыңға жуық жоба іске асырылды. 900 ТКШ нысаны, 2,4 мың әлеуметтік нысан және 4,3 мыңнан астам кентішілік жол салынып, жөнделді.

Бюджет кодексіне сәйкес, 2026 жылдан бастап ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жергілікті бюджеттер қаражаты (жалпы сипаттағы трансферттер) есебінен жүзеге асырылады.

Ауыл халқының табысын арттыру үшін 2023 жылдан бастап ауыл тұрғындары мен шағын қала тұрғындарының бизнес-бастамаларына кредит беруге бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылып келеді. Жоба басталғаннан бері 18,5 мыңнан астам шағын несие беріліп, 21 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды.

«Ауыл аманаты»: Ұлытауда шаруаларға жеңілдетілген несие беріледі

Бұдан басқа, ауылдағы кадр тапшылығын шешу үшін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды ауылдық жерде жұмыс істеуге және тұруға ынталандыратын «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Жоба 2009-2025 жылдары іске қосылған сәттен бастап, 54,8 мың маман 214 млрд теңгеге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алды. 2025 жылы 2,8 мың маманға тұрғын үй кредиті берілсе, 2026 жылы 2,5 мың маманға қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар