• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 20:13

Жауапкершілік алатын кез келді: Сарапшы жастарды референдумға қатысуға шақырды

10 рет
көрсетілді

Саяси шолушы Ғазиз Әбішев ҚСЗИ-дің «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: болашақты қалыптастыру» атты сараптамалық алаңында жаңа Ата аңның Қазақстан жастары үшін қандай маңызға ие екенін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Оның айтуынша, жаңа Конституция – ұзақ мерзімді жоба, оны жүзеге асыру міндеті дәл қазіргі студенттер мен жас мамандардың еншісінде.

«Ата Заң қазақстандық жастар үшін өте маңызды. Өйткені алдағы уақытта жас ұрпақ өз өмірін жаңа Конституция айқындап берген қағидаттар аясында құратын болады», деді ол.

Сондай-ақ, сарапшы азаматтарға құқықтық артықшылықтар беретін қазақстандық реформалардың прогрессивті сипатына тоқталды.

«Жаңа Конституция білім беру, ғылымды дамыту және азаматтық құқықтарды жүзеге асыру салаларында өте көп мүмкіндік пен кепілдік беретінін түсіну қажет», деді өз сөзінде Ғазиз Әбішев.

Саяси шолушының айтуынша, бұл жағдай өткен кезеңдерге мүлде ұқсамайды. Ол кездегі конституциялық реформаларға халықайтарлықтай кең қатысқан жоқ, ал шешім көбіне биліктің жоғары эшелондарында ғана қабылданып жатты.

«2007 және 2016 жылдары ауқымды түзетулер мәселесі Парламент қабырғасында шешілетін. Депутаттар жиналып, өзгерістерді қабылдай беретін еді. Ал халық Конституцияның өзгергенін тіпті байқамай да қалатын. Бүгін, 2026 жылы, азаматтарға сайлау учаскелеріне келіп, сол бюллетеньдерді өз қолымен ұстап көру ұсынылып отыр», деді ол.

Сонымен қатар, Ғазиз Әбішев жаңа Ата Заң жобасы жоғарыдан түскен пәрмен арқылы жасалған директива емес, қоғамдық диалогтың нәтижесі екеніне ерекше мән берді. Ол құжатқа енгізілген көптеген түзетулер кең қоғамдық талқылаулар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қабылданғанына да ерекше назар аударды.

Сөз соңында саяси шолушы жастарды тек белсенділік танытып қана қоймай, тікелей өз еркін білдіру арқылы ел тағдырына жауапкершілік алуға шақырды.

«Жастар қазірдің өзінде елді басқаруды үйренуі керек, мемлекеттің тағдырын өз қолына алып, осы референдумға қатысуы қажет. Және өздері ең дұрыс деп санайтын шешімді қабылдауы тиіс», деп түйіндеді ол. 

Соңғы жаңалықтар