• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология Бүгін, 18:28

Астаналық оқушы компьютер құрастырды

0 рет
көрсетілді

Елордадағы №119 мектептің 10 «А» сынып оқушысы Тәжен Аят Raspberry Pi жинағын пайдалана отырып, шағын компьютер құрастырып, бағдарламалады, деп жазады Egemen.kz. 

Дайын құрылғы тестілеуден өткізіліп, оның жұмыс жылдамдығы, интернетке қосылу мүмкіндігі және энергия тұтыну көрсеткіштері тексерілді. Тестілеу нәтижелері құрылғының оқу және күнделікті қарапайым жұмыстарға толықтай жарамды екенін көрсетті. 

«Аят жобаны жетілдіру мақсатында Raspberry Pi негізіндегі шағын портативті ноутбук құрастыру жолдарын зерттей бастады. Ноутбук корпусының өлшемдері анықтап, 3D моделін жобалау жұмыстары жүргізді. Протативті ноутбуктың корпусы 3D принтерде басып шығарылған соң ішкі құрылғылар корпусқа бекітіліп жалғанды. Нәтижесінде толыққанды шағын протативті ноутбук дайын болды. Жобаны жасауға шамамен 2 ай уақыт кеткен. Бұл жоба оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, инженерлік ойлауын дамытуға және заманауи ақпараттық технологияларға қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді», деді жетекшісі Сарбасова Айбала Есенғалиқызы. 

Жоба жұмысын жүргізу барысында Тажен Аят өзінің инженерлік, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Ол сабақтан тыс уақытында Web-жобалау, 3D-модельдеу, программалаумен айналысады. Python, C++, Lua, Dart программалау тілдерін жетік меңгерген.

Соңғы жаңалықтар