SCAT Airlines әуе компаниясы DV5361 рейсін Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейсті сәтті орындады. Boeing 767 әуе кемесімен Қазақстанға 314 жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олардың арасында кішкентай балалары бар отбасылар да бар. Жолаушыларды елге қайтару шаралары барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылды.
Азаматтарды елге жеткізу жұмыстары мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де әуе тасымалдаушылармен үйлестіріле отырып жалғасып жатыр. Құзырлы мекемелер шетелде жүрген қазақстандықтардың елге оралуын қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар қабылдап жатыр.
Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 946 отандасымыз аман-есен жеткізілді
Әуе компаниясы тарапынан рейстердің тұрақтылығы мен жолаушылар қауіпсіздігіне ерекше мән беріліп отыр. Қажет болған жағдайда қосымша рейстер ұйымдастыру мүмкіндігі де қарастырылады.
Иранда жүрген қазақстандықтар елге қалай оралады?
Еске сала кетейік, Израиль 28 ақпан, сенбі күні таңертең Иранға соққы жасады. Дубай, Абу-Даби және Рас-эль-Хаймада жүрген Қазақстан азаматтары рейстердің тоқтатылуына байланысты елге қайта алмай отыр. Ал «Қазпошта» Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты халықаралық пошта жөнелтілімдеріне уақытша шектеулер қойылғанын мәлімдеді.
Бүған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан 13 рейс тоқтатылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жедел байланыс және «жедел желі» нөмірлерінің іске қосылғаны хабарланған еді.
Кеше Дубайдан Оман арқылы 467 отандасымыз елге жеткізілді. Сонымен қатар Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Астана және Алматы қалаларына екі эвакуациялық рейсті орындады. Бүгінге дейін елімізге Таяу Шығыс елдерінен 946 жолаушы қайтарылған.