• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 12:27

Найджел Джеймс Дастан Сәтпаевтың жеке тәлімгері атанды

10 рет
көрсетілді

«Nigel James Elite Coaching» ағылшын футбол академиясының негізін қалаушылардың бірі Найджел Джеймс Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың жеке тәлімгері атанды, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы академияның Instagram-дағы ресми парақшасы хабарлады.

«Nigel James Elite Coaching» талантты Дастан Сәтпаевқа қолдау көрсетіп, тәлімгерлік ету жауапкершілігін өз мойнына алды. Дарынды жас ойыншы келесі маусымда «Қайрат» құрамынан «Челси» клубына ауысуды жоспарлап отыр. 17 жастағы шабуылшы – Қазақстаннан шыққан ең жарқын таланттардың бірі. Дастанды, Nigel James Elite Coaching ұжымын және «Челсиді» қызықты кезеңдер күтіп тұр», делінген хабарламада.

Дастан Сәтпаев үздіктердің көшін бастап тұр

Жарияланымдағы фотолардың бірінде Найджел Джеймс пен Дастан Сәтпаев «Қайраттың» базасында бірге түскен фотосы да жарияланған.

Үздік–2025: Дастан Сәтпаевқа «Спорттағы жыл серпіні» атағы берілді

Соңғы жаңалықтар