• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады: Қай уақытқа дейін үлгеру қажет?

40 рет
көрсетілді

«Наурыз» – пайыздық мөлшерлемесі 7-9% аралығында бекітілген ипотекалық бағдарлама. Жоба азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтуға бағытталған. Өтінім қабылдау 31 наурызға дейін жалғасады, деп жазады Egemen.kz. 

Бағдарламаға қатысу үшін:

Қарыз алушының және оның отбасы мүшелерінің (жұбайы, 18 жасқа дейінгі балалары) соңғы 5 жыл ішінде жеке тұрғын үйі болмауы тиіс; «Отбасы банкте» кемінде 2 млн теңге жинақталған депозит болуы қажет. Депозиттің ашылған мерзімі есепке алынбайды.

Мөлшерлеме:

7% – әлеуметтік осал топтарға; 9% – өзге санаттағы азаматтарға.

Бастапқы жарна:

10% – әрлеуі дайын пәтерге; 20% – қара сылақтағы немесе қайталама нарықтағы тұрғын үйге.

Қарыз сомасының шегі:

Алматы мен Астана қалаларында – 36 млн теңгеге дейін; Өңірлерде – 30 млн теңгеге дейін.

Несие мерзімі – 19 жылға дейін.

Өтінім беру үшін:

«Отбасы банктің» сайтына кіріп, Baspana Market бөлімі арқылы авторизациядан өту керек (компьютер немесе ноутбук арқылы).

«Менің өтінімдерім» бөлімінен «Наурыз» бағдарламасын таңдап, «Өтінім беру» батырмасын басу қажет.

Сатып алу және тұру өңірін көрсету, шарттармен келісу.

Депозитті таңдап, келісімді растау және SMS-код енгізу.

Жеке деректерді тексеріп, растау.

Банк тұрғын үйдің бар-жоғын және жылжымайтын мүлік мәртебесін 3 жұмыс күні ішінде тексереді. Тексеруден кейін өтінім электронды цифрлық қолтаңба арқылы расталады.

Айта кетейік, өтінімдер тек жұмыс күндері сағат 9:00-21:00 аралығында қабылданады.

Жеңілдетілген ипотекаларға өтінім қабылдау қашан басталады?

Алдыңғы бағдарламалардың тәжірибесі көрсеткендей, «Наурызда» депозиттегі жинақ көлемі шешуші рөл атқарады. Банк салымға сыйақы есептейді. Сыйақы көлемі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ұпай көп жиналып, несиеге өтініш беру кезеңіне өту мүмкіндігі артады.

Ипотека екі кезеңнен тұрады:

1-кезең – алдын ала қарыз (8 жыл). Бұл уақытта төлем жоғары болады: оның бір бөлігі пайызды өтеуге, екінші бөлігі депозиттегі жинақты арттыруға бағытталады. 2-кезең – тұрғын үй қарызы (11 жыл). Депозитте баспана құнының 50%-ы жиналған соң мөлшерлеме төмендеп, ай сайынғы төлем азаяды.

«Отбасы банк» ипотеканы зейнетақы қаражатымен өтеуге өтінім қабылдауды қайта бастады

Соңғы жаңалықтар