• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жастар Бүгін, 08:53

Жастар – өзгерістің тың күші

10 рет
көрсетілді

Қазір республиканың әр өңірінде конституциялық реформаның мәнін түсіндіру мақсатында кездесулер өтіп жатыр. Өйткені референдумда саналы таңдау жасау үшін ең алдымен халықтың толық ақпарат алуы маңызды.

Осындай мақсатта елор­дада Мәдениет және ақпа­рат министрлігінің қол­дауымен «Жастар» ғылы­ми-зерттеу орталығы С.Сей­фуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетімен бірлесе «Jastar X» алаңында студенттермен сараптамалық кездесу ұйымдастырылды.

Жастармен басқосуда «Әділетті қоғамның негізі» тақырыбында сөз сөйле­ген Л.Н.Гумилев атындағы Еу­разия ұлттық универ­си­теті Конституциялық және азаматтық құқық ка­фед­ра­сының профессоры Жа­маладен Ибрагимов Конституция жобасының басты ерекшелігі – адамға бағытталуы екенін атап өтті. Ал Ғылым және жоғары бі­лім министрлігіне қарасты «Мемлекет тарихы инс­титуты» РММ директоры Нұрбек Пұсырманов Конс­титуцияны қоғамды бірік­тіретін маңызды құжат ретінде сипаттады.

– Конституция – елдің болашақ даму бағдарының стратегиялық негізі. Құжат жай нормалар жиынтығы емес, ұлттың рухани тіре­гі әрі қоғам мен билік арасын­дағы сенім кепілі. Қазіргі уақыт талабында ұлттық құн­­дылықты нығайту, аза­мат­тардың құқығын қор­ғауды күшейту және заң үс­темдігін орнықтыру маңызды. Бұл – әділетті әрі қауіпсіз мемлекет құру жолындағы жүйелі қадам, – деді Н.Пұсырманов.

Республикалық медиа­ция кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов «Халық бірлігі – реформалардың сәтті жүзеге асуының бас­ты кепілі» тақырыбында қоғамдық келісім мен бір­ліктің маңызына тоқталды. Өз кезегінде «Жастар» ғылы­ми-зерттеу орталығы Тал­дау және коммуникация бас­қармасының басшысы Алёна Дмитриева қазіргі цифр­лық кеңістіктегі жеке дерек­терді қорғау, цифрлық қауіп­сіздік және онлайн құ­қық мәселесіне назар аудар­ды.

– Цифрлық дәуір жағ­дайында азаматтардың құ­қықтарын қорғау, ақпарат­тық қауіпсіздік пен дербес деректерді сақтау – жаңа реформалардың маңызды бағыты ретінде айқындалып отыр. Сондықтан жаңа Консти­туция ел дамуының келесі кезеңіне жол ашады, – деді А.Дмитриева.

Негізі мұндай ашық кездесулер жастардың құқық­тық сауатын артты­руға, конс­ти­туциялық реформаны түсіндіруге, сарапшылар мен студенттер арасында­ғы сенімді коммуникация орнатуға әрі азаматтық жауап­­кершілікті нығайтуға бағыт­­талған. Кездесу барысында орталықтың ғылыми-зерттеу жобалары, цифрлық ресурстары және «Jastar AI» виртуалды кеңесшісі де таныстырылды.

Кездесуге жастардан бөлек, Президент жанында­ғы Ұлттық құрылтай мүше­ле­рі, Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­верситеті және С.Сей­фул­лин атын­дағы Қа­зақ агротехникалық универ­ситеті профессор-оқыту­шылары, ведомство­лық комитеттер мен ғылыми институт өкілдері, сарапшылар, қоғам белсенділері қатысты. 

Соңғы жаңалықтар