• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 13:00

Ирандағы отандастарымыз қай елдер арқылы эвакуацияланады?

10 рет
көрсетілді

Қазақстанның шетелдегі мекемелері тиісті мемлекеттердің құзырлы органдарымен келіссөздер жүргізіп, азаматтарымызды Ираннан көрші елдер арқылы эвакуациялауға қатысты уағдаластықтарға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Армения тарапымен Қазақстан азаматтарының Иран – Армения шекарасынан кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мәселесі келісілді. Қажет болған жағдайда азаматтар Армения аумағы арқылы эвакуацияланады. Арменияның сыртқы саяси ведомствосының басшылығымен тұрақты байланыс орнатылған.

Осыған ұқсас келіссөздер Әзербайжан тарапымен де жүргізілді. Әзербайжан эвакуациялау ісінде қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Алайда елдің құрлықтағы шекара бекеттерінде өткізу тәртібі шектеулі болғандықтан, шекарадан өту үшін арнайы рұқсат талап етіледі. Екі азаматтың өтініші негізінде Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігі Ираннан «Джульфа» бақылау-өткізу пункті (Нахчыван) арқылы кіруге жедел рұқсат алды.

Трамп: Иранға қарсы соққылардың «үлкен толқыны» әлі алда

Түрікменстан тарапы да отандастарымызды эвакуациялау мақсатында мемлекеттік шекарадан өткізуге жәрдем көрсетуге дайын екенін растады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Қосымша ақпарат  Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекемелердің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.

Жедел ақпарат тарату үшін Сыртқы істер министрлігі заманауи цифрлық мүмкіндіктерді, соның ішінде Kaspi инфрақұрылымын пайдаланды. Компаниямен бірлесіп хабарлама тарату жүйесі іске қосылып, өңірдегі азаматтардың мобильді құрылғыларына ресми ақпарат пен түсіндірмелер уақытылы жеткізіліп жатыр.

«Өңірдегі ахуал толық тұрақталғанға дейін азаматтарды сабыр сақтауға, жергілікті билік органдарының талаптары мен ұсыныстарын орындауға, қауіпті аймақтардан аулақ болуға және уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жаңа мәліметтер түскен жағдайда қосымша хабарланады. Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекемелердің ресми ақпараттарын үнемі қадағалап отыруды сұраймыз», делінген министрлік хабарламасында.

Иран шетелдік студенттердің елден шығу тәртібін жеңілдетті

Соңғы жаңалықтар