• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 08:00

Көне сарын күмбірі

10 рет
көрсетілді

Роза Бағланова атын­дағы «Қазақконцерт» мем­лекеттік акаде­мия­лық концерттік ұйымы сахнасында «Astana sazy» қа­зақ мемлекеттік фоль­к­лорлық ансамблі «Ас­паптар шеруі» атты жеке концертін өткізді.

Еліміздің жетекші шы­ғар­машылық ұжым­дары­ның бірі саналатын ансамбль көрерменге ерекше кон­церттік бағ­дарлама ұсынды. Кеш барысында тың­дарман қазақ дәстүрлі музы­­ка­сының алуан түрлі ком­позицияларымен таны­сып, фольк, этно-джаз, этно-панк және заманауи бағыт­тар­дың үйлесім тапқан әсерлі музыкалық кештің куәсі болды. Бағдарлама ұлттық музыка өнерінің үздік туынды­ларын – күй, ән, би және олардың заманауи интерпре­тацияла­рын қамтыды.

Концертке Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Ерболат Шалдыбеков, «Да­рын» мемлекеттік жас­тар сый­лығының лауреаты Әділ­хан Макин, сон­дай-ақ рес­публикалық және халық­ара­лық байқаулардың лауреаттары Заңғар Мүбәраков, Жанту Дадабаев, Аққанат Смағұлова, Жасұлан Кәрім қатысты.

«Astana sazy» қазақ мем­лекеттік фольклорлық ан­самблі – қазақ халық шығармашылығының дамуына және дәріп­телуіне зор үлес қосып жүрген өнер ұжым­дарының бірі. Фоль­клорлық ансамбль музыканттары көрерменді домбыра, қо­быз, шертер, шаңқобыз, сазсыр­най, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау және бас­қа да халық музыкалық аспап­тарының үнімен таныстырып келеді. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Нұркен Якияев.

Өнер ұжымының репертуары түрлі халықтардың дәс­түрлі аспаптық музыкасына, сон­дай-ақ заманауи авторлық шы­ғармаларға бай. Ұжым әртіс­тері Тәжікстан, Өзбекстан, Қыр­ғызстан, Таяу Шығыс пен Орта Азия елдерінде өнер көр­сетіп, халықаралық мәдени іс-шараларға белсенді қатысып келеді.

Соңғы жаңалықтар