• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:10

Қайрат Сатыбалдының бизнес-орталығы 61 миллиард теңгеге сатылады

10 рет
көрсетілді

Алматыда қайтарылған активтерді басқару компаниясы (КУВА) Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығын сатуға шығармақ. Аталған нысанды мемлекетке бұған дейін Қайрат Сатыбалды тапсырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нысан заңсыз жолмен алынғаны анықталып, 2023 жылы Қаржы министрлігінің балансына берілген. Енді ғимарат мемлекеттік аукцион платформасында сатылымға қойылмақ. Бастапқы бағасы − 61 млрд теңге. Бұл сомаға ғимараттың өзі және жер телімін жалға алу құқығы кіреді.

Kaisar Plaza – автотұрағы мен панорамалық қабаты бар тоғыз қабатты сауда-кеңсе орталығы. Қазіргі таңда мұнда 53 ұйым жалға алушы ретінде орналасқан. Олардың қатарында ірі банктер, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық тамақтану орындары бар.

Қайтарылған активтер тізіміне бұдан бөлек Kaisar Towers бизнес-орталығы, DoubleTree by Hilton қонақүйі, «АрСат» және Maisat бизнес-орталықтары, «Мегатау» сауда үйі, «Байсат» базары және «Оптимум» бизнес-орталығы енген.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна көлемі 9,2 млрд теңгені құрайды. Сауда-саттық 7 сәуірде басталады.

Бұған дейін қайтарылған активтердің қатарындағы «Байсат» базары да бірнеше рет сатылымға шығарылғаны хабарланған еді. 2025 жылдың желтоқсанында оның бағасы шамамен 26,7 млрд теңге болса, қарашада – 28 млрд теңге болған. Ал 2026 жылдың қаңтарына қарай құны 24,7 млрд теңгеге дейін төмендетілген.

   
Соңғы жаңалықтар