• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы Бүгін, 12:56

Ақпан айында теңге бағамы қалай өзгерді?

10 рет
көрсетілді

Ұлттық банк ақпан айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 доллар үшін 0,7%-ға нығайғанын мәлімдеді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 306 млн доллардан 335 млн долларға дейін өскен. Ал сауда-саттықтың жалпы көлемі 6,7 млрд долларды құрады, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық банк мәліметінше, ақпан айында Ұлттық қордан 400 млн долларында валюта сатылған, бұл өз кезегінде республикалық бюджетке трансферт бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берген. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 6%-ы болып, күніне 20 млн доллардан аспаған.

Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті

«Күтілетін фискалдық түсімдерді ескергенде, Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша наурыз айында республикалық бюджетке трансферт бөлуге Ұлттық банк Ұлттық қордан 400 млн доллардан 500 млн долларға дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп болжайды», делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Ақпан айында «айналау» операциялары аясында 350 млрд теңге алынды. Наурыз айында осы мақсат үшін 350 млрд теңге баламасында валюта сату болжанған.

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ «айналау» тетігін іске асыру кезінде Ұлттық банк нарықтық бейтараптық қағидатын ұстанады, бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді. 

Ұлттық банк ақпанда валюталық интервенция жүргізбегенін де мәлімдеді.

«Өткен айдың қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінде валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті түрде сату нормасы аясында валюта түсімін сату көлемі шамамен 284 млн долларды құрады. Осыған дейінгі жоспарға сәйкес, БЖЗҚ валюталық активтерінің үлесі 40%-дан асатынын ескергенде, Ұлттық банк ақпан айында зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне доллар сатып алмады. Наурызда да валюта сатып алуға қатысты жоспар жоқ», делінген хабарламада.

Ұлттық банк: Бизнес рубль мен доллардың ауытқуына тәуелділікті төмендетеді

Ашықтық қағидаты аясында Ұлттық банк валюта нарығында жүргізілетін операциялар туралы ақпаратты толық ашып көрсетуді жалғастырмақ. 

Соңғы жаңалықтар