• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 11:31

Қысқы Паралимпиада: Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түседі

10 рет
көрсетілді

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XIV қысқы Паралимпиада ойындарының ашылуына санаулы күндер ғана қалды. Дүбірлі дода 6-16 наурыз аралығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Қазақстан құрамасы пара шаңғы жарысы мен пара биатлон бойынша бақ сынайды. Ел намысын халықаралық аренада жеті спортшы қорғайды: Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Сергей Усольцев, Анна Грачева және Нұрлан Алимов.

Құрамадағы ең жас спортшы – 17 жастағы Владислав Кобаль. Ал ең тәжірибелі әрі жасы үлкен қатысушы – 51 жастағы Сергей Усольцев, ол пара шаңғы және пара биатлоннан өнер көрсетеді.

Тәжірибелі спортшылардың бірі Александр Герлиц 2022 жылғы Бейжің Паралимпиадасында пара биатлоннан қола жүлде иеленген. Сондай-ақ ол 2018 жылғы Пхёнчхан ойындарында пара шаңғы жарысынан үздік төрттікке енген.

Қысқы Олимпиада мәреге жетті

Құраманың көшбасшыларының бірі Ербол Хамитов – әлем чемпионаттарының жүлдегері және Әлем кубогі кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы. 2022-2023 жылғы маусымда ол пара шаңғыдан әлем чемпионы атанып, Қазақстан тарихында мұндай жетістікке жеткен алғашқы пара спортшы болды. Ал 2024-2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша пара биатлоннан Әлем кубогінің жалпы есебінде топ жарып, 31 жылдан кейін елге Хрусталь глобусты қайтарды.

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер

Алдағы ойындарға әлемнің 600-ден астам спортшысы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Биылғы дода қысқы Паралимпиада қозғалысының 50 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Айта кетейік, алғашқы қысқы Паралимпиада 1976 жылы Швецияның Эрншёльдсвик қаласында өткен.

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!

Соңғы жаңалықтар