• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Күрес Бүгін, 00:34

Балуандар Медведьтің мемориалынан 14 медальмен оралды

0 рет
көрсетілді

Минскіде күрес түрлерінен Беларусь елінің мақтанышы, Олимпия ойындарының үш дүркін жеңімпазы, жеті дүркін әлем чемпионы Александр Медведьтің мемориалды аяқталды. 55 мәрте жалауы желбіреген дәстүрлі турнирде 14 мемлекеттен келген 300-ден аса балуан күш сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Еркін күрес шеберлерінің жарысында Едіге Қасымбектің асқан шеберлігіне тамсандық. 125 кг салмақта айқасқан қазақтың нар тұлғалы 19 жастағы балуаны барлық бәсекеде басымдық танытып, финалдық сайыста бозкілем қожайыны, Әлем кубогі мен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Токио Олимпиадасына қатысушы Денис Хроменковты 5:4 есебімен қапы қалдырды. Сөйтіп, Қасымбек аса беделді жарыстың жеңімпазы атанды. Естеріңізге сала кетейік, дәл осы қазақтың алыбы 2025 жылы Болгарияның Самоков қаласында ұйымдастырылған жастардың әлем біріншілігінде (U20) қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені олжалады. Сондай-ақ, Едігенің былтыр Қазақстан чемпионатының финалында талай дүрмекте ысылған әккі Әлішер Ерғалиді жеңгені де жанкүйерлердің жадында.

Танымал балуандар Дәулет Ергеш (86 кг) пен Нұрлан Өтегеновтің (79 кг) де жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілуге жақсы мүмкіндіктері болды. Алайда олар финалда сүрінді. Дәулет ресейлік Әзірет Ұлымбашевтен, Нұрлан беларусьтік Магомедхабиб Кадимагомедтен ұтылды. 70 кг салмақ дәрежесінің қоласын Қазақстанның қос балуаны Начын Куулар мен Әмерхан Яндиев өзара сарапқа салып, бұл бәсеке бір ғана ұпай айырмашылығымен Куулардың пайдасынан шешілді. Сондай-ақ, Ерасыл Мұхтарұлы (57 кг), Әди Серікұлы (65 кг), Мейіржан Әшіров (74 кг), Санжар Досжанов (74 кг) және Нұркерім Еснияз бен Бейбарыс Қасымбек (92 кг) үздік үштікті түйінеді.

 Қамыстыдағы спорт кешеніне балуанның есімі берілсе...

Әйелдер күресінен өткен бәсекеде Лаура Ғаниқызы (50 кг) мен Алина Ертөстік (76 кг) күміспен күптелсе, Ирина Казюлина мен Елена Шалыгина (68 кг) қолаға қол созды.

 Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді

Соңғы жаңалықтар