• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Ғарыштағы қызанақ

0 рет
көрсетілді

Қытайдың «Шэньчжоу-21» миссиясының экипажы «Тяньгун» орбиталық станциясындағы шағын жылыжайда өсірілген қызанақтың піскен өнімін жинады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Экспериментке арналған агрономиялық жүйені Қытайдың ғарышкерлерді даярлау орталығының зерттеу тобы әзірлеген. Қондырғыда арнайы жасалған жарықдиодты шамдар қолданылады. Олардың спектрі өсімдіктің өсуіне қолайлы режимге бейімделген. Мұндай шешім энергия шығынын азайтып, жарықтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Суару тетігі де өзгеше. Жүйе өсімдіктің тамыр аймағына суды ұсақ тұман түрінде бүркейді. Бұл ылғалды дәл мөлшерлеуге, суды үнемдеуге және тамырдың қажетті ортада тұрақты қоректенуіне жағдай жасайды. Орбитада су мен қоректік ерітіндіні басқару күрделірек болғандықтан, дәл осындай тәсілдер тәжірибе жүзінде тексеріледі.

Ғарыштық «жылыжай» станцияға 2025 жылдың шілдесінде «Тяньчжоу-9» жүк кемесі арқылы жеткізілген. Жобаның басты мақсаты – микрогравитация жағдайында өсімдіктерді тиімді өсірудің негізгі технологияларын сынау. Мұндай зерттеулер ұзақ мерзімді ғарыш сапарлары үшін маңызды, өйткені өсімдік өсіру экипажды жаңа өніммен қамтамасыз етуге және жабық ортадағы тіршілікке қажетті шешімдердің бір бөлігіне айналуы мүмкін.

Экипаж күн сайын өсімдіктің өсуін бақылап, көрсеткіштерді тіркеп отырған. Ғарышкер Чжан Лу өсімдік күту жұмысы тығыз кестеде психологиялық серпін беретінін, ал жасыл желекке қараудың ерекше әсері барын айтқан. Сондай-ақ оның пікірінше, алдағы ғылыми тапсырмаларға күш-жігер жинауға да көмектеседі.

Алдағы уақытта «Тяньгун» станциясының «ғарыш бағында» бидай, сәбіз және дәрілік өсімдіктерді агрономдық әдіспен өсіру жоспарланып отыр. Осылайша, орбиталық ортада өсіруге болатын дақыл түрлерін көбейту көзделеді.

Соңғы жаңалықтар