• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Атыраудағы Алғабас ауылынан 5 шақырым қашықта қамыс жанып жатыр

40 рет
көрсетілді

Атырау облысында тағы да қамыс өрті тұтанды. Өрт ошағы мұнайлы шаһарға таяу орналасқан Алғабас ауылынан 5 шақырым қашықта анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің сыртқы коммуникациялар және имидждік жұмыс тобының дерегіне сүйенсек, 27 ақпанда өрт ошағына мониторинг жүргізілген.

«Кешкі сағат 19:21-де Атырау қаласынан Ескене кен орнына қарай 50 шақырым қашықтықта қамыстың жанғаны анықталды. Үш алаңда жанған қамыстың жалпы аумағы 152 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері жіберілді. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде сағат 21:25-те ошақтары толықтай жойылды», деп хабарлады департаментінің сыртқы коммуникациялар және имидждік жұмыс тобынан.

Ал сағат 21:20-да тағы бір өрт ошағы бары анықталды. Бұл – Атырау қаласының Алғабас ауылынан шамамен 5 шақырым қашықтағы қамыс өрті.

«Каспий теңізі жағалауындағы ашық алаңда қамыс пен құрғақ шөп өртенді. Өрт ошағы аумағы анықталып жатыр. Оқиға орнына департаменттің 10 қызметкері жұмылдырылды. Өрттің елді мекенге таралу қаупі жоқ», деп мәлімдеді департаменттің сыртқы коммуникациялар және имидждік жұмыс тобынан.

Айта кетейік, Астана қаласы Алматы ауданындағы Сарыағаш өткелінде орналасқан жеке бір қабатты автосервистің ғимаратында өрт шықты. 

Соңғы жаңалықтар