• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:04

«Сарыарқа» хоккей клубы рудныйлық «Горняктан» басым түсті

0 рет
көрсетілді

«Сарыарқа» хоккей клубы ел чемпионатының плей-офф кезеңін сәтті бастады. Жерлестер бұл кезеңде рудныйлық «Горнякпен» алғашқы кездесуін өткізіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сарыарқа» бұл жолы барын салды. Ойын басталысымен-ақ соққыны қарша боратып, қарсыластарға шайба ұстауға мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде, 2-ші минутта – Егор Кузьменко, 4-ші минутта – Александр Борисевич, 5-ші минутта Сергей Барбашев бірінен соң бірі қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Бұдан кейін ойынның 12-ші минутында Руслан Демин төртінші шайбаны салып, небәрі бірінші айналымда есепті 4:0-ге жеткізді.

Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады

Екінші айналымда да қарағандылықтар бірінші болып есеп ашты. Бұл жолы 23-ші минутта Данила Карабан көзге түсті. Одан кейін 26-шы және 51-ші минутта рудныйлықтар екі шайба салып, есеп алшақтығын қысқартпақ болып еді. Екі минуттан соң Егор Кузьменко ойындағы екінші шайбасын салып, кездесуге нүкте қойды. Есеп – 6:2. Енді жерлестер өз алаңында қарымта кездесу өткізеді.

Қарағандыда хоккейші матч кезінде көз жұмды

Соңғы жаңалықтар