Қарағанды облысының құтқарушысы Қостанай қаласында Қазақстан Республикасының гір тасын көтеру бойынша ел чемпионатында рекордын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нақтырақ айтсақ, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Александр Комаров 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 78 рет гір тасын көтеріп, чемпионаттың үздік нәтижесін көрсетіп, бірінші орынды иеленді.
– Қарағанды облысының құрама командасы сапында эстафетаға қатыса отырып, тағы бір жоғары нәтиже тіркедім – үш минут ішінде салмағы 32 келі болатын екі гірді 43 рет көтеріп, Қазақстанның жаңа рекордын орнаттым, – дейді жерлесіміз.
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Александр Комаров – гір спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, студенттер арасындағы әлем чемпионы, кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, Еуропа чемпионы және Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы. Сондай-ақ ол 2024 жылы Грекияда өткен гір спорты бойынша әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.
Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Қарағанды облысы