• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ән Бүгін, 14:47

Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді

10 рет
көрсетілді

Әлемге танымал әнші Энрике Иглесиас (Enrique Iglesias) Қазақстанға концерттік сапармен келеді. Оның өнер көрсетуі екі қалада өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы ақпарат Ticketon сайтында жарияланды. Ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде «Ғаламдық ырғақ Қазақстанға жақындап келеді» деп хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда халықаралық жұлдыздардың концерті жиілеп келеді. 2025 жылы елде бірнеше ірі музыкалық шара өтті. 19 қыркүйекте Алматыда Бэкстрит Бойс тобы өнер көрсетсе, 21 қыркүйекте олар Астанада сахнаға шықты. Сонымен қатар, 1 тамызда Астана Арена стадионында Дженнифер Лопестің алғашқы концерті өтті. 10 тамызда әнші Алматыда да шоу бағдарламасын ұсынды.

Дженнифер Лопестің концерті Астанаға 12 мың шетелдік турист әкелген

Продюсер, «Астана концерт» өкілі Мәлік Хасенов Қазақстанда Бейонсе, Эминем және Шакира концерттерін өткізу мүмкіндігі бар екенін айтты. Оның пікірінше, әсіресе рэпер Эминемнің шоуын ұйымдастыру күрделі болуы ықтимал.

Алдағы уақытта Қазақстанда бірқатар халықаралық концерттер жоспарланған. Мамыр айында елге Тимбалэнд, Николь Шерзингер және Баста Раймс қатысатын ауқымды музыкалық шаралар өтеді.

Николь Шерзингер әлеуметтік желілерінде Қазақстан туралы жиі айтады. Ол қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген киім киіп, Олимпиадада өнер көрсеткен мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина өнеріне сүйсінгенін жазған.

Энрике Иглесиас – испандық әнші әрі композитор. Ол халықаралық музыкалық мансабын 1995 жылы бастаған. Осы уақытқа дейін 180 миллионнан астам альбом сатты. Әншінің туындылары стриминг платформаларында да кеңінен таралған.

Әнші әлемнің ірі концерт алаңдарында өнер көрсеткен. Оның қоржынында 154 рет Billboard хит-парадтарында бірінші орын бар. Соның ішінде 27 рет №1 нәтиже Latin Songs хит-парадында тіркелген. Бұл – чарт тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Сондай-ақ әнші бірнеше мәрте музыкалық марапаттарға ие болды, оның ішінде Grammy сыйлығы және Billboard Awards марапаттары бар.

Соңғы жаңалықтар