Ведомство күдіктінің Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынғанын және онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды.
Еске салайық, Атырау облысындағы Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша іс қозғалып, күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланған болатын. 25 желтоқсаннан хабар-ошарсыз жоғалып кеткен бір отбасының төрт мүшесіне қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасып, отбасы мүшелерінің телефоны соңғы рет Шымкенттен сигнал берген. Кейіннен балаларымен жоғалып кеткен ерлі-зайыптының мүрдесі үйінің ауласындағы сарайдан табылған еді. Ал іздеу жарияланған атыраулық күдіктінің 5 баласы мемлекет қарауына алынды. Ішкі істер министрлігі 24 ақпан күні Атыраудағы ерлі-зайыптының өліміне күдіктілердің Индонезияда ұсталғанын хабарлады.