Бүгін түнде Астанаға XXV қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-акробатика және конькимен жүгіруден ел намысын қорғаған Ұлттық құрама спортшылары келді, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, спортшыларды әуежайдан достары, ата-аналары және бапкерлер ыстық ықыласпен күтіп алды.
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Конькимен жүгіруден Мемлекеттік жаттықтырушы Кенжеш Сәрсекенова Италиядағы бәсекеде спортшыларымыз барын салып, сынға түскенін атап өтіп, алдағы халықаралық маусымдарға еселеп дайындалуға шақырды.
Үздік ондық: қазақстандық спортшылар 2026 жылғы Олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді
Айта кетейік, 24-інен 25 ақпанға ауған түні елордаға Милан-Кортина Олимпиадасының чемпионы, еліміздің мақтанышы Михаил Шайдоров келеді.