• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:10

Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады

10 рет
көрсетілді

Президенттің Қызылорда облысындағы егіс алқаптарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде суды аз қажет ететін дақылдарға көшіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін Үкімет отырысында суды ұтымды пайдалану жөніндегі шаралар туралы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндады.Оның айтуынша биыл Қызылорда облысында 185,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Күріш дақылдары 70 мың гектарға егіледі, бұл өткен жылғы деңгейден 10,9 мың гектарға аз. Жалпы соңғы 4 жылда күріш көлемі 19 мың гектарға қысқарған.

Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?

«Қысқартылған күріш алқабының орнына егісті әртараптандыру мақсатында суды аз қажет ететін дақылдар егіледі. Бұл бағытта өңірімізде құны 40 млрд теңгеге жүгеріні терең өндеуге бағытталған «Қызылорда крахмал-сірне зауыты», құны 51 млрд теңгеге швейцариялық «Харвест Груп» компаниясының техникалық қарасора, жүгері, соя өсіру және оны өңдеу жобасы, су үнемдеу технологиясымен жүгері егу жобалары жүзеге асырылып жатыр. Жобалар аясында биыл жүгері дақылын 10 мың гектарға егіп, алдағы уақытта ұлғайту жоспарланып отыр», деді өңір әкімі.

Жанар-жағармай импорты салықтан босатыла ма?

Соңғы жаңалықтар