• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды

10 рет
көрсетілді

Түркістан облысында кәмелетке толмаған студент қыздарды мәжбүрлі түрде тазалық жұмыстарына тартқаны жатақхана қызметкерлеріне сөгіс жарияланды. Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Әлеуметтік желілерде мекеме әкімшілігі қыздарды ерлердің бөлмелері мен әжетханаларын тазалауға мәжбүрледі деген ақпарат тарады. Бейнеролик авторының айтуынша, студент қыздар бас тартқан жағдайда оларды жатақханадан шығарамыз деп қорқытқан.

Өңірлік білім басқармасы арнайы жұмыс комиссиясын құрып, мекемеге барып тексеру жүргізген.

«Кәмелетке толмаған білім алушыларды жұмысқа мәжбүрлеуге және оларға қысым көрсетуге жол берілмейді. Бұл – бала құқықтарының бұзылуы және балалар еңбегін пайдалануға тыйым салу талаптарына қайшы әрекет. Тексеру қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза ретінде сөгіс берілді», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта студенттер мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден мәжбүрлеп ақша жинағаны рас па?

Айта кетейік, Түркістан облысы Білім басқармасына қарасты көпсалалы индустриалды-техникалық колледж жатақханасында жанжал туындады. Студент қыздар жатақхана әкімшілігі тарапынан қысым көргенін айтады. Оларды ерлер бөлмесі мен дәретхананы тазалауға, еден жууға мәжбүрлеген. 

Азаматтарды автонесие рәсімдеуге мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды

 
Соңғы жаңалықтар