Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева азаматтарды 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Роза Рымбаева әлеуметтік желідегі бейнежазбасында 15 наурыз еліміз үшін маңызды күн екенін атап өтті. Ол ел тұрғындарын өз таңдауын жасауға шақырды.
«Құрметті қазақ елі! 15 наурыз – еліміз үшін маңызды күн. Келіп, өз таңдауларыңызды жасаңыздар», деді өнер иесі.
Айта кетейік, 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды