• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағайындау Бүгін, 10:24

Қостанай облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

10 рет
көрсетілді

Бас прокурордың 12 ақпандағы бұйрығымен әділет аға кеңесшісі Ерлан Андабаев Қостанай облысы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Андабаев Ерлан Ахметсапаұлы 1976 жылғы 10 қазанда Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылғы тамыз айында Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокурорының көмекшісінің тағылымдамашысы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Жамбыл ауданы прокурорының орынбасары, Алматы облысы Алакөл және Сарқан аудандарының, сондай-ақ Қонаев қаласының прокуроры лауазымдарын атқарған.

Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды

2022 жылғы шілде айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып қызмет етті.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 27 жылдан асады.

Астана қаласының прокуроры ауысты

Соңғы жаңалықтар