«Біз үшін ең қымбат – еліміздің болашағы, тыныштығы мен дамуы. 2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум өтеді. Бұл біздің әрқайсымыз үшін үлкен жауапкершілік пен азаматтық міндет», деп атап өтті ол.
Аида Балаева: Референдум – формалды процедура емес, ол – халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі
Бейбіт Сарыбайдың айтуынша, Референдум – бұл тек дауыс беру күні ғана емес, елдің келешегін айқындайтын маңызды саяси акт, әрбір азаматтың Отан алдындағы парызы.
«Біздің таңдауымыз – елдің құқықтық негізіне, азаматтық қоғам мен демократия негіздеріне сеніміміз бен болашағымызға жасалған үлес. Бізді қоршаған әлем қарқынды өзгеріп жатқан уақытта, өз таңдауыңды жасау – өзіңнің идеяң мен көзқарасыңды білдірудің нақты жолы. Әр дауыс маңызды, әр пікір құнды.
15 наурызда келіп, өзіңнің азаматтық ұстанымыңа сай шешім шығар! Бірге келешегімізді қалыптастырайық!», деп жазды Б. Сарыбай. Серік Сәпиев Конституциялық реформа туралы пікір білдірді Айта кетейік, елордада осы бір маңызды шараны еске түсіріп тұруға арналған таблолар орнатылды.