• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:43

Құқықтық мәдениетті нығайтатын қадам

10 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы «Тұран-Астана» университетімен бірлесіп, жаңа Конституция жобасы мен жалпыұлттық референдум жөнінде «Jastar X» диалог алаңында студент жас­тармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Тұран-Астана» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлжамал Жапарова, «Qazcontent» АҚ басқарма төрағасы Айна Зада­бек,  «Жасыл ел» жастар еңбек жа­сақтарының республикалық штабының басшысы Нұрасыл Бекматов сөз сөйледі. Спикерлер жаңа Конституцияның жобасы туралы егжей-тегжей айтып, жалпыұлттық референдум аза­маттардың, әсіресе жастардың құқықтық мәдениетін дамыту­дағы маңызды қадам екенін атап өтті.

«Жастар» ғылыми зерттеу орта­лығының директоры, диалог ала­ңының модераторы Гүлісхан Нахбаева орталықтың ғылыми зерт­теу қызметі және цифрлық ре­сурс­тар туралы ақпарат ұсын­ды, сондай-ақ «Jastar AI» виртуалды кеңесшісінің жобасын таныстырды.

Орталық директоры атап өт­кен­дей, жобаның негізгі мақ­саты – жастарды қолдау бағдар­ла­мала­рын қоса алғанда, мемле­кет­­тік жастар саясаты туралы ақ­­па­рат­тың қолжетімділігі мен сапа­­сын қамтамасыз ету. Чат-ботты қоса алғанда, жасанды ин­тел­­лект базасындағы виртуал­ды консуль­тант қазақ, орыс және ағыл­шын тілдерінде консультация­лар береді.

Кездесу соңында сарапшылар студенттердің қойған сұрақ­тарына жауап бере отырып, конс­титуциялық реформаны әрі қарай талқылаудың маңыздылығын, олар­дың ел дамуына ықпалы мен бү­гінгі жас­тармен өткен кездесу­дің көңілден шыққанын жеткізді.

Іс-шара қорытындысында «Жастар» ғылыми зерттеу орта­лығы мен «Тұран-Астана» уни­верситеті ғылыми ынтымақтастық туралы мемо­рандумға қол қойды. 

Соңғы жаңалықтар