• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:19

Алматыда жарапазан мәтініне арналған байқау қорытындыланды

10 рет
көрсетілді

Рамазан айы қарсаңында Алматы Орталық мешіті барша қалам ұстаған азаматтар арасында жарапазан жырының жаңа мәтінін жазу бойынша байқау жариялаған болатын. Бүгін осы байқаудың нәтижесі қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байқауға қатысушыларға Рамазан айының келгенін сүйіншілеу, ораза айының артықшылығын жеңіл түрде жеткізу, дін мен дәстүрдің сабақтастығын көрсету, жарапазан айту ата-бабадан мұра болған дәстүр екендігін айту шарттары қойылды.

Жақсылықтың жаршысы – жарапазан

Байқауға 30-дан астам жарапазан мәтіні келіп түсті. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан, Ислам ғылыми зерттеу институтының директоры Төрәлі Қыдыр, Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Бауыржан Мырзақұл және тағы басқа қазылар осы мәтіндер арасынан жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде бірінші орынға – Біләл Қуаныш (Алматы қаласы), екінші орынға – Еркебұлан Қайназар (Астана қаласы), үшінші орынға Ботакөз Мұхиден (Астана қаласы) ие болды. Ең үздік жарапазан мәтіні Рамазан айында орындалып, басқа жарапазан мәтіндері сайтқа жарияланады.

Жарапазан қандай дәстүр?

Айта кетейік, байқау уақыт талабына сай жарапазан жырын жаңа үлгіде жазып, халыққа ұмыт болып бара жатқан жарапазан жырын айту дәстүрін жаңғырту мақсатында ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар