Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елімізде 90 елді мекен қала мәртебесіне ие. Оның ішінде 39 қаланың облыстық маңызы бар, деп жазады Egemen.kz.
Сондай-ақ 48 қаланың аудандық маңызы болса, 3 қала республикалық маңызы бар қалалар санатына жатады.Өңірлер бөлінісінде қалалардың ең көп саны Ақмола облысында тіркелген. Бұл аймақта 11 қала бар. Сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарының әрқайсысында 8 қаладан бар.
Балқаш қаласында көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түсті
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің әкімшілік-аумақтық құрылымында – 195 аудан, 29 кент, 2 157 ауылдық округ және 6 096 ауыл тіркелген.
Қонаевтағы желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы қала меншігіне өтті
Республика бойынша аудандардың ең көп саны да Ақмола облысында тіркелген. Аталған облыста 17 аудандық әкімшілік жұмыс істеп тұр. Ал кенттердің ең көбі Қарағанды облысында, олардың саны – 8. Түркістан облысы ауылдар саны бойынша көш басында. Өңірде 794 ауыл бар.